+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордаға жүк ұшағымен коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

2020 жылғы 12 шілде 14:15
Бөлісіңіз:
Елордаға жүк ұшағымен коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордаға жүк ұшағымен COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ералы Тоғжанов «СҚ-Фармацияға» коронавирустың екі айлық дәрі-дәрмек қорын құруды тапсырды Атырауға Ресейдегі қандастардан гуманитарлық көмек келді Атырауда дәрі-дәрмек бойынша тұрақтандыру қоры құрылды

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сайкес Үкімет дәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл жұмысты елорда әкімдігі де жүзеге асыруда. Осылайша, алғашқы жөнелтілім кезінде қалаға 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жүк ұшағымен жеткізілді», делінген хабарламада.

Келіп түскен тауарлардың тізімінде дәрі-дәрмектің 350-ге жуық түрі бар. Мысалы, ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин және т.б.

«Ірі дәріхана желілеріне жеткізу ертең басталады. Сонымен қатар жақында жүк көліктерімен тағы дәрі-дәрмек жеткізіледі деп күтілуде. Осы аптада дәрі-дәрмектер дәріханаларға жеткізіле бастады. Дәріханаларды қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады», делінген хабарламада.


Елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріхана желілерінің дистрибьюторларымен, фармацевтикалық компаниялар мен дәріханалардың өкілдерімен келіссөздер өткізді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, әкімдік дәрі-дәрмектерді сатып алу мен әкелу рәсімдерін жеңілдету, логистика бойынша қолдау көрсетеді.

Уақытылы ақпарат алу үшін елорда әкімдігі covid19.astana.kz парақшасын ашты, онда сіз коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметтерді, оның ішінде дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын біле аласыз. Сонымен қатар жақын уақытта елордаға сатып алынған заттардан басқа, 200 өкпені жасанды желдету құрылғысы, 500 флуометр, 500 оттегі концентраторы және екі компьютерлік томограф жеткізіледі.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT