Елордаға ревакцинациядан өтетіндер үшін «Спутник Лайт» препараты жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына «Спутник Лайт» векторлық вакцинасы жеткізілді. 10 мың доза мөлшерінде бірінші партия келді, ол бір компонентті болып саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бұл вакцина тек халықты ревакциналауға, яғни толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакцинациядан өтуге арналғанын атап өтті.

Алғашқы вакцинация кезінде QazVac, Sinopharm, Hayat-Vac, Sinovac екпесін алғандарға «Спутник Лайт» препаратымен ревакцинация жасатуға болады.

«Вакцина арнайы мұздатқышпен жеткізіліп, температурасы -18 градус және одан төмен мұздатқыш жабдыққа орналастырылды. Емханаларға бұл вакцина тіркелген халық санын ескере отырып бөлінеді.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының вакцинация пунктерінде және сауда орталықтарында («Керуен» СОО, «Абу даби плаза», «Азия парк», «Еуразия» СҮ) ревакцинациядан өтуге болады», - деді әкімдіктен.

Осылайша, елордада ревакцинацияға арналған мынадай екпелер бар: QazVac, Sinopharm және Спутник Light. Pfizer препаратымен тиісті контингент, сондай-ақ 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ревакцинация жасата алады.


Соңғы жаңалықтар