Елордаға Мәскеуден ұшып келген бір жолаушыдан коронавирус табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанға шетелден ұшып келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше , ПТР сынағынан өткені туралы сертификаты жоқ әуе жолаушыларын карантин стационарына жедел жеткізу шараларының арқасында елорданың медицина қызметкерлері тұрғындар арасында инфекцияның таралуын болдырмай, науқасқа уақтылы көмек көрсетті.

30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген. Әуежайдан бірден ол карантин стационарына жеткізіліп, қажетті зертханалық тексеруден өтті.

Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері анализ алған соң 4 сағаттан кейін дайын болған.

Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды.

Науқастың жағдайы бірқалыпты, шағымы жоқ. Ер адамды тұрғылықты жеріндегі емханалардың медицина мамандары бақылайды.


Соңғы жаңалықтар