ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Елордаға күн сайын 75 мың көлік келіп, 75 мыңы шығады - Марат Төлебаев

2022 жылғы 30 қыркүйек, 17:55
Елордаға күн сайын 75 мың көлік келіп, 75 мыңы шығады - Марат Төлебаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордаға күн сайын 75 мың көлік келіп, 75 мыңы шығады. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында жол қозғалысы ережелері мен қозғалыс қарқындылығы зерттелді. Елорда бойынша 400 мың көлік тіркелген. Сонымен қатар 100 мың көлік сырттан келеді, яғни қаламыз көлігі емес, бірақ осында жүреді. Оларға уақытша есеп жүргізу тоқтатылды, себебі олар жол ережелерін бұзбайды. Барлығы жарты миллион автокөлік. Күн сайын қаладағы бекеттер арқылы 75 мың көлік келіп, 75 мыңы шығады. Әрине, жол жүктемесі бар. Жол айрықтарының ұзындығы мың шақырым, әсте көлік кептелісі болады», - деді Марат Төлебаев мәслихат отырысында.

Елорданың бас полицейінің мәліметінше, 2 миллионнан астам халқы бар Алматыда 550 мың көлік тіркелген. Күніне 100 мың көлік кіріп шығады.

«Әрине, біз көлік кептелісі мәселесін зерттеп, онымен күресіп жатырмыз. Көлік кептелісі негізінен таңертең және кешке болады», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Астана полициясы әкімшілік бұзушылықтар үшін 7 млрд теңге айыппұл салған.


Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar