Елордаға келіп қонған QAZAQ AIR ұшағының корпусына зақым келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына қонған QAZAQ AIR ұшағының корпусына зақым келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұшақ Өскеменнен ұшып келген.

«Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында әуе кемесін ұшар алдындағы қалыпты қарау барысында әуекомпанияның бір ұшағының корпусынан іздер табылды. Тиісті қызметтерге шұғыл хабар берілді», - деп хабарлады әуе компаниясынан.

«QAZAQ AIR авиакомпаниясы жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтады, сондықтан компанияның авиация-техникалық қызметі тарапынан тексеру және толық талдау жүргізілгенше аталмыш борттың жұмысын тоқтату жөніндегі шешім қабылданды. Өңірлік QAZAQ AIR авиакомпаниясы үшін авиациялық қауіпсіздік – негізгі басым бағыт, осыған байланысты аталмыш оқиға бойынша тексеру толық аяқталғанша түсініктеме беруден қалыс қаламыз», делінген әуекомпаниясының хабарламасында.

Әуекомпанияның мәліметінше, ұшу бағдарламасы кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар