+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Елордаға қанша дәрігер жетіспейді

2019 жылғы 22 қазан 15:38
Бөлісіңіз:
Елордаға қанша дәрігер жетіспейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы медициналық ұйымдарды кадрлармен қамтамасыз ету көрсеткіші 80,5 пайызды құрады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне дайындық жұмыстарының бірі – қала емханаларын кадрлармен қамтамасыз ету. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, астанадағы медициналық ұйымдардың кадрлармен қамтылуы 80,5 пайызды құрады. Дәрігерлік кадрлар жетіспеушілігі - 277 адам. Жалпы практика дәрігерлері бойынша 59 маман жетіспейді. Әрбір дәрігер үшін негізі жүктеме – 1700 адамнан келуі тиіс. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің талабы, бүгінгі норматив», - деді Сәуле Қисықова қоғамдық кеңес отырысында.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда, елордадағы негізгі емханаларда дәрігер мамандармен қамтылған.

«Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, 1 қазандағы жағдай бойынша қаладағы денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші 88 пайызды, ал техниканың ескіруі – 47 пайыз. Десе де, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш өзгеруі тиіс, себебі, жақында қала емханалар жаңа медициналық құрал-жабдықтармен қамтылады», - деді ол.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT