Елордаға газ қашан жетеді - Энергетика министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанның мұнай өндіру жоспарын асыра орындау мүмкіндігі бар. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кестеге сәйкес біз »Сарыарқа« газ құбырын осы жылы аяқтауымыз қажет. Өздеріңізде білетіндей, оның ұзындығы 1061 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта кемінде 1050 шақырым құбыр дәнекерленді. Ендігі уақытта оны төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, таяу уақыттың ішінде құбырға қатысты жұмыстар аяқталады», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Махамбет Досмұхамбетовтің атап өтуінше, автоматтандырылған 5 газ тарату стансасы жобаланып, қажетті құрылғылар толық сатып алынған. Бүгінде мердігерлер монтаждау жұмыстарын толық көлемде орындап жатыр. Осы жылдың желтоқсан айында аталған 5 стансаның желілік бөлігі аяқталады.

Сонымен қатар ол елорда тұрғындарына көгілдір отын беру мәселесіне тоқталды.

«Газдандыруға қатысты айтар болсам, желілік газ құбыры мен автоматтандырылған газ тарату стансасынан бөлек газды тарату желілері бар. Жұмыстың бұл бөлігіне жергілікті атқарушы органдар жауап береді. Менің білуімше, бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Жылу электр стансасы мен тұрғын үй алабтарын газдандырудың 9 кезеңін қамтитын бірінші іске қосу кешенін келесіжылдың күзінде аяқтау жоспарланған. Қарағандыда бұған қарағанда жұмыстар жылдамырақ жүргізіліп жатыр», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар