Елордаға әр өңірді еске салатын орындар қажет - ҚР Президенті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Астананың 20 жылдығын мерекелеу туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазір Қазақстанның барлық өңірлері Астананың 20 жылдығын тойлауға қатысып, қалаға сый жасауда. Саябақтар, жаңа көшелер, мектептер, балабақшалар салып беріп жатыр. Оларға үлкен рахмет, себебі бұл біздің Отанымыздың, барлық қазақстандықтардың астанасы және елордамызда әр өңірді еске салатын орындар болуы тиіс. Қарап тұрсаңыздар, көшелерге де аймақтардың аттарын беріп жатырмыз. Бұл өте дұрыс. Оған қоса, қазір мұнда Қазақстанның барлық өңірінен адамдар жиналып жатыр», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. 

Соңғы жаңалықтар