+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Елордаға әлемнің үздік суретшілері жиналады

2019 жылғы 15 мамыр 15:16
Бөлісіңіз:
Елордаға әлемнің үздік суретшілері жиналады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын Astana Art Show 2019 фестиваліне 15 елден 40-тан астам танымал суретші қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Astana Art show 2019 фестивалі осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылғалы отыр. Былтыр алғаш өткен фестивальді 40 мыңға жуық адам тамашалаған болатын. Биыл оның форматын өзгертіп, көрме шоуы түрінде өткізу қолға алынды. Осы тұрғыда биылғы фестивальге қатысушылар мен оны тамашалаушылардың саны арта түседі деген ойдамыз. Қалалық әкімдік өз кезегінде айтулы шараны ұйымдастырушы рөлін атқарады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина фестивальді ұйымдастыруға арналған баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, фестиваль аясында көркемдік экспозициялар көрмесі, тегін шеберлік сыныптары, воркшоп, дәрістер, отбасылық серуендер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.

«Фестиваль екі кезеңнен тұрады «Бірінші байланыс» жастар көрмесі және «Racing the Galaxy» халықаралық суретшілер көрмесі. Алғашқысы 2 маусымда басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. Онда 22 қазақстандық суретшінің арт-резиденция аясында жасалған жұмыстары көрсетіледі. Екінші «Racing the Galaxy» халықаралық көрмесінде белгілі қазақстандық және шетелдік суретшілердің шығармалары ұсынылады. Олардың қатарында Микеланджело Пистолетто (Италия), Леандро Эрлих (Аргентина), Джоил Адрианомиарсеа (Мадагаскар), Ментал Клиник (Түркия), Асхат Ахмедьяров (Қазақстан) және тағы басқалар бар. Жоба әлемге әйгілі француз кураторы және халықаралық деңгейдегі көркемдік көрмелер жетекшісі Жером Санстың басшылығымен ұйымдастырылады. Көрме қала күні қарсаңында 4 шілдеде ашылып, 10 тамызға дейін жалғасады», - деді ол.

null

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Astana Art show 2019 заманауи арт-өнердің және мәдени әралуандықтың көкжиегін кеңейтеді. Және биылғы фестиваль номадизм мен еркіндік рухы ұранымен өтеді.

Елордадағы Тәуелсіздік, Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін мәдени шараны қала тұрғындары мен қонақтары тегін тамашалай алады.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT