+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордаға 60 Олимпиада жүлдегері келеді

2019 жылғы 12 қыркүйек 17:04
Бөлісіңіз:
Елордаға 60 Олимпиада жүлдегері келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатына бес құрлықтан 60-тан астам Олимпиада чемпионы мен жүлдегері келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл туралы ҚР грек-рим күресінің вице-президенті Дәулет Тұрлыханов «Барыс-Арена» стадионында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Чемпионатта 1002 балуан бақ сынайды. Олар 104 елдің намысын қорғайды. Ол туралы ақпарат таратуға 250-ден астам журналист тіркелді. Өйткені елорда төріне бес құрлықтан 60-тан астам Олимпиада чемпиондары мен жүлдегері келе жатыр. Оның ішінде қонақ ретінде тамашалайтын ардагерлер де, медальға таласатын балуандар да бар. Атап айтсақ, қазақстандықтарға етене таныс болып кеткен Александр Карелин, жас америкалық жұлдыз Кайл Снайдер, төрт дүркін әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы Джордан Барроуз, жапониялық әйгілі чемпион Каори Итё, Артур Алексанян, Лопес Нуньес, Қазақстанның тумасы Валерий Рязанцев, Беларусь спортшысы Камандар Маджидов, Ираннан әйгілі Расу Хадем келеді», - деді Дәулет Тұрлыханов.

Оның айтуынша, бұл жолғы чемпионат грек-рим шеберлері үшін нағыз сыналатын сәт болмақ.

«Грек-рим күресінен әлем чемипонатының «алтынын» алмағанымызға 20 жыл болыпты. Өз кілемізде сол олқылықтың орны толуы тиіс. Соңғы кезде әлем чемипонаты мен Олимпиада ойындарында бокс пен ауыр атлетикадан абыройымыз биіктеп жүр ғой. Солардың сапына балуандарымыз да енуі керек. Боксшыларымыздың жеңісті жолын балуандар жалғастыруы керек», - деді федерация өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT