Елордадан Таразға ұшақпен 7 мың теңгеге баруға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – FlyArystan отандық лоукостері Тараз-Нұр-Сұлтан-Тараз бағытындағы ұшақ билеттерін 6 999 теңгеден сатылымға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, күнделікті рейстер осы жылдың 3 қазанынан бастап 180 орынды Airbus A320 әуе кемелерімен орындалады. Осылайша, оңтүстік өңірдің ірі қаласы мен елорда аралығын небәрі бір жарым сағатта қатынауға болады. Ал билеттің бір бағыттағы құны 6999 теңгеден басталады. Аталған баға нарықтағы бағадан 72 пайызғ арзан.

«ҚР ИИДМ ААК мәліметінше, FlyArystan операциялық жұмысын бастағаннан бері Әулие ата халықаралық әуежайының жолаушылар саны 140 пайыздан астам өсті. Бағдарлар кестесі екі еселенгеннен кейін бұл көрсеткіш тағы да ұлғая түсетіндігіне сенімдеміз. Өз тарапымыздан біз Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына баруды жоспарлап отырған халыққа жылына 130 000 орынды беруге әзірміз», - деп FlyArystan-ның сату және маркетинг директоры Жанар Жайлауова.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы рет лоукостердің ұшақтары 1 мамырда Алматыдан Таразға жол тартты. Содан бергі 5 айға жуық уақыт ішінде 46 мыңнан астам жолаушы тасымалданды, билеттің 90 пайызы 10 мың теңгеден төмен бағамен сатылса, жартысы 5000 теңгеден төмен бағамен ұсынылды.



Соңғы жаңалықтар