Елордадан СҚО-ға гуманитарлық көмек жетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына Астанадан су тасқынынан зардап шеккендер үшін гуманитарлық жүк келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Петропавлда салмағы 2,5 тонна болатын жүк көлігін №12 орта мектепте орналасқан эвакуациялық бекетте күтіп алды. 

Бұл бекет 40 адамға лайықталған, онда су тасқынынан зардап шеккен 7 адам тұрып жатыр. Мұнда үш мезгіл тамақтану, жылу, медициналық көмек сияқты уақытша өмір сүруге қажеттінің барлығы бар. Астана қаласының тұрғындары жинаған гуманитарлық көмек СҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарына үлестіріледі.

«17 сәур күні Ғалым Бәйтік зардап шеккендерге көмек жинау туралы #тасқынкөмек хэштегін жариялады. Көмек жиналатын орын өңірлік даму орталығының штаб-кеңсесінде орналасты. Бұл шараға «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» сияқты кәсіпорындар мен жекелеген азаматтар атсалысты. Осы кезеңде 6 тонна көмек жиналған. Көмек сонымен қатар Ақмола және Қарағанды облыстарына да жөнелтілді»,-деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Су тасқынанан зардап шекендерге гуманитарлық көмекті солтүстікқазақстандық ұйымдар мен облыс тұрғындары да жинауда. Петропавл қаласындағы Ғ.Мүсірепов ауданында көмек жинау бекеттері ашылған.

Соңғы жаңалықтар