+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордадан шығатын үш бағыттағы жол жабылды

2020 жылғы 2 қаңтар 20:38
Бөлісіңіз:
Елордадан шығатын үш бағыттағы жол жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында үш бағыттағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран) ел астанасынан Атбасар ауданы, Щучинск қаласы, Қорғалжын ауданына баратын жолдар жабылды. Аталмыш бағыттарда барлық көлік түрлерінің жүрісі шектелді», делінген хабарламада.

Департаменттің хабарлауынша, 3 қаңтарда қар жауады, боран соғып, көктайғақ сақталады. Оңтүстік батыстан соққан жел түнде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қалалық ТЖД тұрғындарға абай болып, ауа райының құбылуына және жолдардың жабылуына қатысты ақпараттарға мән беру керектігін ескертеді. Жолдың жабылуына қатысты мәліметті 112 қызметі SMS хабарламамен жолдайды, сондай-ақ Smart Astana қолданбасынан, ТЖД-ның Instagram, Facebook-тегі парақшасынан алуға болады.

Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, сағат 16:45-тен бастап «Екатеринбор-Алматы» 1006-1247 км (Атбасар – Нұр-Сұлтан), «Щучье-Зеренді» 0-80 км (Щучье –Зеренді), сағат 18:00 бастап «Нұр-Сұлтан - Петропавл» 18-231 км (Щучье– Нұр-Сұлтан) учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды|.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT