+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Елордадан келген қызылордалықтан коронавирус табылды

2020 жылғы 7 сәуір 09:26
Бөлісіңіз:
Елордадан келген қызылордалықтан коронавирус табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 4 жағдай туралы ақпаратты жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауру жұқтырғандардың үшеуі - Қызылорда қаласының тұрғындары, олар науқаспен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Ал бір жағдай Сырдария ауданында тіркелді, ол Нұр-Сұлтан қаласынан келген және ЖРВИ симптомдары болуына байланысты провизорлық стационарда бақылауға алынған.

«Аталған азаматтардың барлығынан ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес зертханалық сынама алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда» делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

7 сәуірдегі жағдай бойынша, аймақта COVID-19 инфекциясына шалдыққан 54 адам бар: Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 24 жағдай, Сырдария ауданында -1 жағдай.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT