Елордадан бір түнде 1,5 мыңға жуық жүк көлігі қар шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадан бір түнде 1,5 мыңға жуық жүк көлігі қар шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың коммуналдық қызметтері қар күреу жұмысын кешкі және түнгі уақытта қарқынды түрде жүргізе отырып, күшейтілген режимде тәулік бойы жалғастыруда.

Бүгін, 13 қаңтарда қалада қар күреу жұмысына 2 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1100 арнайы техника жұмылдырылды.

12 қаңтардан 13 қаңтарға қараған түні ғана қаладан 21 594 текше метр қар шығарылды, бұл шамамен 1,5 мың жүк көлігінің көлеміне тең.

Айта кету керек, биылғы қысқы кезеңде елордадан 1,8 миллион текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына шамамен 135 мың рейс жасалды.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады.

Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.


Соңғы жаңалықтар