Елордадан Алакөлге екі ай пойыз қатынайды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 30 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы облысындағы «Достық» стансысына дейін жолаушылар пойызы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 30 маусымынан бастап 30 тамызға дейінгі аралықта «Нұр-Сұлтан - Достық» бағытында жүретін жолаушылар пойызы іске қосылады. Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына сапарларын алдын ала жоспарлап, ертерек жол жүру билеттерін алуды ескертеді», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығының таратқан ақпаратында.

Айта кетейік, елордалықтар Алакөл көліне ұшақпен де жете алады. Үшаралдағы әуежай былтыр іске қосылғанын хабарлаған болатынбыз. Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Талдықорған - Үшарал - Талдықорған» бағыты бойынша тұрақты 2 әуе рейсі бар. «Жетісу» әуекомпаниясының ұшақтары күнделікті қатынайды.

«Талдықорған әуежайынан ұшу уақыты: сағат 09.00-де және 14.00-де.

Үшарал әуежайынан ұшу уақыты: сағат 10.40-та және 15.50-де.

Билет құны 6000 тг (1 бағытқа). Қосымша ақпарат алу үшін Талдықорған әуежайының кассасына 8 (7282) 24-58-41 немесе Үшарал әуежайындағы кассаға 8 (7283) 32-46-52 нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады», - делінген ведомствоның таратқан ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар