Елордадан 100 млн теңге мен 1 алтын құймасын заңсыз әкетпек болған азамат ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Әуежай Астана» кеден бекеті арқылы 100 млн теңге мен алтын құймасын алып өтпек болған азамат анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Биыл сәуір және мамыр айларында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай Астана» кеден бекетінде 100 млн теңгеден астам ақша мен 1 құйма алтынды заңсыз әкету фактілері анықталып, жолы кесілді.

Күдікті «Астана-Анталья» бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өту кезінде ұсталды. Оның жүгін тексеру кезінде 118 392 доллар, 28 750 рубль, 92 885 еуро сомасына декларацияланбаған қолма-қол ақша табылды», - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі.

Мемлекеттік кірістер департаменті ел аумағынан 10 000 доллардан асатын қолма-қол шетел валютасын алып шығуға тыйым салынғанын атап өтті. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін кінәлі ҚР заңнамасына сәйкес, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.


Соңғы жаңалықтар