Елордадағы жылы аялдамалар тұрғындардың шағымынан кейін ретке келтірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы жылы аялдамалар тұрғындардың шағымынан кейін тазаланып, ретке келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада жылы аялдамалар салынғанда аязды күндері автобус күткенде адамдар тоңбайтын болды деп қуанған едім. «Жастар» аялдамасындағы жылы павильонның жағымсыз иісінен басың айналады. Жағымсыз иіске қоса іші де лас.. Кеше қатты аяз болса да, балаларын көтеріп сыртта тоңып тұрған халық.... Қыруар қаржыға салынған екен, оны күтіп, санитарлық нормаға сәйкес бір мекеме қадағалап, халық игілігіне жарату керек қой», - деп жазады Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Меруерт Әддалиева Facebook-те.

Бұл шағымға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты жауап берді.

«Сіздің өтінішіңізді қарастырып, Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні барлық аялдама павильондары тазаланғанын хабарлайды. Аталмыш басқарманың мәліметі бойынша аялдама пункттерін жөндеу және қызмет көрсету (жуу) жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес, 10 күнде бір рет жүргізіледі. Бұл аялдама павильондарына жетекшілік ететін мекеме оларды ұзақ мерзімді пайдалану мен тиісті қолдану үшін барлық шараларды қабылдайды», - делінген жауапта.

Көп өтпей әкімдік тазартылған аялдамалардың суреттерін жіберді. Осылайша, жылы аялдамалар тұрғындардың шағымынан кейін ретке келтірілді.


Соңғы жаңалықтар