+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордадағы жол апаты: Мерт болғандардың отбасына материалдық көмек беріледі

2019 жылғы 26 наурыз 15:53
Бөлісіңіз:
Елордадағы жол апаты: Мерт болғандардың отбасына материалдық көмек беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Astana LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов елордадағы жол апатында мерт болған автобус жүргізушісі мен жолаушысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жүргізуші Абай Оспанов таңғы 6.30-да рейске шығарда медициналық тексеруден өткен және денсаулығынан еш кінәрат байқалмаған.

«Сонымен бірге, жүргізуші 2018 жылы желтоқсан айының соңында да медициналық тексеруден өткен. Денсаулығы жақсы болған. Ұжымда үлгілі қызметкер болған. 2018 жылы ешқандай жол тәртібін бұзбаған. Қоғамдық көлік те жоспарлы техникалық тексеруден өткен, ақау болмаған. Апаттың нақты себептері сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталады. Ол үшін арнайы комиссия құрылды», - деді Б. Игенбердинов Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жүргізушінің артында төрт баласы қалды, олардың ең үлкені - 17 жаста.

«Апатта көз жұмғандардың туыстарына барлық материалдық көмек көрсетіледі. Сонымен бірге, жолаушы Айзат Нұркенованың Қарағанды облысында туғаны анықталды. Оның денесін Қарағандыға жеткізуге көмек беріледі. А. Нұркенованың артында бір баласы қалды», - деді Б. Игенбердинов.

Еске сала кетсек, елордадағы жантүршігерлік көлік апатынан зардап шеккендер саны 27-ге жетті. Соңғы мәліметке сәйкес, зардап шеккендер саны 36 адамға жетті.

26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қақтығысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Қала маңы бағдарындағы № 301 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар автобусымен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT