Елордадағы Желтоқсан көшесінде 10 күн көлік қозғалысы шектеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Желтоқсан көшесінің С. Сейфуллин көшесінен бастап Московский көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осыған байланысты, 2018 жылдың маусым айының 2-нен 12-не дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Соңғы жаңалықтар