+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Елордадағы жастар сарайының қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды

2020 жылғы 4 маусым 14:05
Бөлісіңіз:
Елордадағы жастар сарайының қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатқан жастар сарайының қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда карантин режимін сақтау бойынша рейдтер өткізілуде Елордада ауқымды абаттандыру жүргізілуде Елордада жаңа көше мен саябақ ашылады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбат барысында мәлім етті.

«Бүгінде «Жастар сарайында» толықтай қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Себебі ғимаратқа жөндеу жұмыстары соңғы рет 1996 жылы жүргізілген, одан кейін жөндеу көрмеген. Оның ішінде концерттік зал, кітапхана, спортзал және бассейн бар. Жоспар бойынша үстіміздегі жылдың желтоқсан айында жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтудеміз», - деді Д. Кәрібек.

Сондай-ақ, басқарма басшысы жаңа орталықтың басты қызметіне тоқталып өтті.

«Жөндеу жұмыстарынан кейін жаңа коворкинг елорда жастарының игілігіне беріледі. Оның ішінде балалар мен жастарға арналған үйірмелер, семинар, тренингтер, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылатын болады», - деді ол.

Еске сала кетсек, аталған ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы өткен жылдың соңында хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT