Елордадағы «Жастар сарайы» күрделі жөндеуден өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас қаладағы «Жастар сарайы» күрделі жөндеуден өтіп, заманауи жастар орталығына айналады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Жастар жылы аясында 600-ден астам түрлі бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды. Пайдалы шаралар биылғы жылмен тоқталып қалмайды, алда Волонтер жылы сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Бүгінде елордада 245 мың жас бар. Бұл өз кезегінде тұрғындардың 25 пайызын құрайды. Бізде жастарға арналған ауқымда жұмыс, үлкен жоспар бар. Соның бірі келесі жылы «Жастар сарайы» күрделі жөндеуден өтеді. Ол үшін бүгінде қалалық әкімдіктен 2,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Заманауи қалыпқа келтірілген соң, ол жастардың игілігіне беріледі. Сол секілді жақында ЭКСПО аумағында жастарға арналған коуоркинг орталығы ашылды», - деді Б. Мәкен елордада өткен жастар балында.

Айта кетсек, кеше Нұр-Сұлтанда «Бір әлем – бір өмір» (One world – one life) атты халықаралық жастар балы өтті.

Соңғы жаңалықтар