+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Елордадағы жарылыс: 19 адамға медициналық көмек көрсетілуде

2020 жылғы 21 қараша 14:24
Бөлісіңіз:
Елордадағы жарылыс: 19 адамға медициналық көмек көрсетілуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада дәмханадағы газ баллоны жарылысы кезінде зардап шеккен 19 адамға медициналық көмек көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті Ақмола облысында жерге таласқан әйел көршісінің 10 тонна шөбін өрттеп жіберді

«Құтқарушылар 15 баллонды алып шығып, бір адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр. 20 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 12:58-де сөндірілді», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 34 құтқарушысы және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Адамдар тоңып қалмас үшін қала әкімдігі және ТЖ департаменті КУНГ-көлігі мен автобус жіберді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Психологиялық көмек беру және ақпараттық қолдау үшін жедел желі телефоны қосылды: 24-51-71, 24-51-47.

Бұған дейін елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адамның қаза тапқанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT