+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Елордадағы жарықсыз қалған бірқатар ғимаратқа электр энергиясы берілді

2019 жылғы 11 қараша 07:52
Бөлісіңіз:
Елордадағы жарықсыз қалған бірқатар ғимаратқа электр энергиясы берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы жарықсыз қалған бірқатар әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерге электр қуаты берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды

«Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға электр жарығы берілді. 9 көппәтерлі тұрғын үй кешені, сондай-ақ Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот электрмен жабдықталды. Сонымен қатар, 9 көппәтерлі тұрғын үй жарықпен қамтылды, олар - «Уют», «Краун Плаза», «Тұмар» (2 үй), «Арт Хаус», «Вива плаза», «Алатау», «На водном зеленом бульваре». «Бәйтерек» монументін, «Изумрудный квартал» бизнес орталығын, «Керуен», Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу бойынша жұмыс жүріп жатыр» делінген хабарламада.

Кәбілдік желілерді 15 адамнан тұратын бригадас мен 6 арнайы техника қалпына келтірді. Ғимараттарды электрмен жабдықтау өрт сөндіру бригадаларына рұқсат беру кезінде электр тоғымен зақымданудан қауіпсіздік мақсатында ажыратылды.

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу орнына елорда әкімі Алтай Көлгінов шықты. Қала әкімі апат себебін анықтауды тапсырды.

«Электр желілерін қалпына келтірген АРЭК қызметкерлеріне алғыс айтамын», - деп жазды шаһар басшысы Instаgram парақшасында.

Еске сала кетейік, кеше елордадағы «Левобережная» 110/10 кВ шағын станциясының 10 кВ кабель каналында өрт шығып, кабель желісі зақымданды. Салдарынан сол жағалаудағы кейбір тұрғын үйлер мен ғимараттар жарықсыз қалған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT