+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда мен Ақтөбе облыстарынан 540 тонна азық-түлік жеткізіледі

2020 жылғы 17 қыркүйек 11:37
Бөлісіңіз:
Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда мен Ақтөбе облыстарынан 540 тонна азық-түлік жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда мен Ақтөбе облыстары 540 тонна азық-түлік жеткізеді. Келушілерге қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажет, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіз жол: Ақтөбе облысында бір тәулікте жол ережесін бұзудың 512 фактісі анықталды Қызылорда облысында мониторингтік топтар жыл басынан бері 382 нысанға тексеру жүргізген Астанада Федор Достоевскийдің «Ұлдар» драмасының премьерасы өтті

19 және 20 қыркүйекте «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қызылорда және Ақтөбе облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді. Олар нарықтан 10-15% төмен бағамен 80-нен астам тауар түрін ұсынатын болады.

Барлығы 540 тонна өнімді, оның ішінде: 146 тонна күріш, 129 тонна картоп пен көкөніс, 62 тонна ет, 30 тонна балық өнімдері, 13 мың дана тауық жұмыртқасы, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон өнімдері, 5 тонна алкогольсіз сусындар және т. б. сату жоспарланып отыр.


Жәрмеңкеге 90 отандық өндіруші қатысады («Айс» ЖШС, «Агрофирма Тау» ЖШС, «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС, «Рамазан» ЖШС, «Ақтөбе-нан» ЖШС, «Айбек» ӘКК шұжықтары мен ет деликатестері, «Степное» ЖШС, «Рокос» ЖШС, «Изет ГринХаус» ЖШС және «Гринхаус Қазақстан» ЖШС жылыжай көкөністері, «Мир круп» тұзы, «Жаңажол» күріш, «Сыр маржаны», «Байқоңыр» Агрохолдингі», «Наймир», «Байқоңыр» ӘКК).

«Келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы керек. Маска тағып, антисептик қолдануды ұмытпаңыз»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT