Елордадағы жәрмеңкеге ақтөбеліктер 200 тоннадан астам өнім әкеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері елордада Ақтөбе және Түркістан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 22-23 қыркүйекте Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің бойындағы «Қазақстан» спорт кешені алаңында Ақтөбе және Түркістан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындары қатысады. Аталмыш облыстан бас қалаға келетін өнім көлемі 200 тоннадан астам.

Ал, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жәрмеңкеге жалпы сомасы 201 млн теңгенің 496 тонна өнімін шығарады. Жәрмеңкеде тұрғындарға келесі өнімдер ұсынылады: еттің барлық түрі, картоп және көкөністер, сүт өнімдері, өсімдік майы, жұмыртқа, балық, бал, шұжық өнімдері, ұн және ұн өнімдері, түрлі сусындар және басқа да өнімдер.
Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы базарлардағы бағадан 15-20%-ға төмен болады.

Соңғы жаңалықтар