Елордадағы жәрмеңкеде 45 тонна балық пен 60 тоннадан астам бал сатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28-29 қыркүйек күндері «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Алдағы демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге Атырау облысының 7 ауданы мен Атырау қаласының тауар өндірушілер қатысады. Атыраулықтар астанаға жалпы сомасы 135 млн теңгенің 176,7 тонна өнімін әкеледі. Оның ішінде 24 тонна ет өнімі, 35 тонна көкөніс, 6 тонна сүт өнімі, 45 тонна балық өнімі, 40 мың жұмыртқа және 65,7 тонна өзге өнімдер бар.

Бұған қоса, жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан облысының 15 ауданы мен екі қаласының өндірушілері қатысады. Шығысқазақстандық кәсіпкерлер Нұр-Сұлтан қаласына 310 тонна көлемінде тауар әкеліп, сатуды көздеп отыр. Жалпы сомасы 224,7 млн теңге болатын 15-тен астам тауар түрі сатылады. Атап айтқанда 60 тоннадан астам бал, 15 тонна сүт өнімі, 13 тонна күнбағыс майы, 3 тонна жарма, 5 тонна балық, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз, 150 тонна көлемінде ұлттық өнімдеп, пантоөнім және картоп сату жоспарланған.

«Елордалықтарға ұсынылатын азық-түлік өнімдерінің барлығы санитарлық ветиринарлық талаптарға сай келеді, тиісті құжаттарға ие», - дейді ұйымдастырушылар. Жәрмеңке кезінде Атырау облысының шығармашылық ұжымдары концерт қояды. Жәрмеңке сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар