Елордадағы жәрмеңке: Қарағанды облысынан 600 тоннадан астам өнім әкелінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Қарағанды облысының ауыл шаруашылғы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі жәрмеңкеге қарағандылық тауар өндірушілер 600 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізді. Яғни 80-нен астам тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынып отыр. Атап айтқанда, 100 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 360 тоннадан астам картоп, 360 мың дана жұмыртқа, 15 тонна сүт және сүт өнімдері, 5 тонна балық және тағы басқа тауарлар ұсынылуда», - деді Қарағанды облысы ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов.

Оның айтуынша, жәрмеңкеге аталған өңірдің 4 қаласы мен 9 ауданының тауар өндірушілері қатысып жатыр.

«Жәрмеңкеге қойылған тауарлардың бағасы елорда нарығынан 10-15 пайызға арзан. Жәрмеңкеге халық таңертеңнен ағылуда, астаналықтар арасында әсіресе біздің етке сұраныс жоғары. Сондай-ақ, жәрмеңке аясында «Бауырсақ және қымыз» фестивалі ұйымдастырылып, халыққа тегін таратылатын болады», - деді ол.

Одан бөлек, елордалықтарға жәрмеңке алаңында концерттік бағдарлама ұсынылуда. «Хан-Шатыр» ойын–сауық орталығының алаңында өтіп жатқан жәрмеңке 2 күнге созылады.

Соңғы жаңалықтар