+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Елордадағы жәрмеңке: Ақмолалықтар 500 тоннадан астам өнім жеткізді

2019 жылғы 19 қазан 10:51
Бөлісіңіз:
Елордадағы жәрмеңке: Ақмолалықтар 500 тоннадан астам өнім жеткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде желтоқсан айындағы мерекелерге орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді Елордада қысқы ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді Мақтааралда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

«Бүгінгі ауа-райының қолайсыздығына қарамастан Ақомола облысының жәрмеңкесіне астаналықтар ерте жиналып жатыр. Бұл біздің қуантады. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 200 млн теңгеден астам соманы құрайтын 500 тоннадан астам өнім әкелінді. Оның ішінде 80 тонна ет, 28 тоннадан астам сүт және сүт өнімдері, 4 тоннадан астам балық, 20 тонна ұн, 41,3 тонна көкөніс және өзге де ауыл шаруашылық өнімдері жеткізілді. Сондай-ақ, бақша ағашының көшеттері жеткізілді», - деді Ақомола облысының әкімі Ермек Мыржықпаев жәрмеңкеде.



Әкімнің айтуынша, жәрмеңкеде 50-ден астам азық-түлік түрін базар нарығынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылуда.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жәрмеңкеге Ақмола облысының 2 қала мен 17 аудандағы кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынып жатыр. Олардың арасында «Гормолзавод» ЖШС, «Садовое» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС, «Родина» агрофирмасы» ЖШС, «Ижевский» өндірістік кооперативі» ЖШС, «Бижан» ет өңдеу кәсіпорын» ЖШС, «Краснояр шұжығы» ЖШС, «Айбат» ЖШС, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС, «Капитал Проджект» ЖШС бар.

Екі күнге созылатын ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі елордадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық алаңында өтіп жатыр.












Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT