Елордадағы жантүршігерлік жол апатынан 25 адам зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі елордадағы жантүршігерлік жол апатынан қанша адам зардап шеккенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік апаты сағат 9:14-дер кезінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша 25 адам зардап шекті», - деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада автобустар апатынын екі адам көз жұмды.

«Астана LRT» мәліметі бойынша қаза болғандардың бірі - бірінші болып соқтығысқан автобус жүргізушісі.

26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қақтығысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Қала маңы бағдарындағы № 301 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар автобусымен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.

Соңғы жаңалықтар