Елордадағы жантүршігерлік жол апаты: Автобустар жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана LRT» елордада үш автобусқа қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңы бағдарындағы № 301 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар көлігімен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды», - деді «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева.

Осы орайда ол апаттың мән-жайы қазіргі кезде нақтыланып жатқанын атап өтті.
null

«Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккен адамдар бар. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 53-ші бағдар мен бірнеше жеңіл көлік қақтығысты. Оқиға бойынша қосымша мәліметті хабарлайтын боламыз», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада автобустар апатынын екі адам көз жұмды.
null null

Соңғы жаңалықтар