+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Елордадағы жантүршігерлік көлік апаты: Зардап шеккендер саны 36-ға жетті

2019 жылғы 26 наурыз 16:40
Бөлісіңіз:
 Елордадағы жантүршігерлік көлік апаты: Зардап шеккендер саны 36-ға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендерге қажетті дәрі-дәрмек пен құйылатын қан жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.

Оның айтуынша, оқиғадан зардап шеккендер саны 36-ға жетті. Оларға Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында, яғни тегін медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Жол апатынан кейін 36 адам медициналық көмекке жүгінді. Жедел медициналық жәрдем бригадалары 36 адамды қалалық стационарға жеткізді. Олардың 23-і көпбейінді қалалық ауруханаға, 2 науқас - №1 қалалық ауруханаға және біреуі - орталық жол ауруханасына жеткізілген», - деді Камалжан Надыров қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

8 адам жеңіл жарақатпен дәрігерге көрінді. Зардап шеккен 36 адамның арасында балалар жоқ.

«Әзірге 1 науқастың жағдайы өте ауыр, алты науқастың жағдайы - қалыпты ауыр деп бағаланды. Сегіз пациенттің жағдайы орташа», - деді басқарма басшысы.

Сонымен бірге, К. Надыров әлеуметтік желілерде зардап шеккендерге қан жетіспей жатыр деген ақпаратты теріске шығарды.

«Астана стационарында науқастарға қажетті дәрі-дәрмек пен құйылатын қан мөлшері жеткілікті, барлық медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Барлық қызмет Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында, яғни тегін көрсетіледі», - деді ол.

Еске сала кетсек, 26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қақтығысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Қала маңы бағдарындағы № 301 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар автобусымен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.

Astana LRT өкілінің хабарлауынша, 301 автобус жүргізушісі Абай Оспанов таңғы 6.30-да рейске шығарда медициналық тексеруден өткен және денсаулығынан еш кінәрат байқалмаған.

Тиісті медициналық сараптамадан кейін жол апатынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT