Елордадағы жантүршігерлік апат: Дәрігерлер апаттан аман қалған жалғыз қыздың жағдайын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дәрігерлер елордадағы көпірде болған жол апатынан аман қалған 18 жастағы қыздың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, бүгін науқасты палатаға ауыстыру жоспарланған.

«Қыздың жағдайы тұрақты. Бүгін оны палатаға ауыстыруды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының мамандары.

Еске сала кетейік, 30 қыркүйек күні сағат 00:34-те Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай беттеген бойда жылдамдықты асырып, тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен еді. Сөйтіп ол Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысып, 5 адам қаза тапты .

Апаттан «Toyota Camry» автокөлігіндегі жолаушы қыз ғана аман қалып, ол шұғыл түрде академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына жеткізілген.


Соңғы жаңалықтар