Елордадағы жаңа мешіттің айналасына үлкен саябақ салынбақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы жаңа мешіттің айналасына үлкен саябақ салынбақ. Қазір аталған аумақты абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Бұл турады Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа қоғамдық кеңістік қала тұрғындары мен қонақтарының таза ауада уақыт өткізуі үшін қолайлы орын болады. Саябақ Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары мен Сауран, Хусейн Бен Талал көшелерінің бойында орналасады. Саябақтың орталық аллеясында ұзындығы 300 метр субұрқақ болады, оның ішінде шағын архитектуралық мүсіндер, көлеңкелі шатырлар орналасады. Жылдан жылға бұл аумақты көгалдандырамыз. Қалада өзіндік «жасыл аралдар» құру өте маңызды. Сондай-ақ, өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту жұмысын жүргіземіз», - деді әкім.

Айта кетейік, елордада салынып жатқан жаңа мешіт бұл — еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Негізгі күмбездің биіктігі шамамен 90 метр, ал мұнаралар 130 метр биіктікке көтеріледі. Мешіттің сыйымдылығы — 30 мың адам.


Соңғы жаңалықтар