Елордадағы жаңа мешіт энергияны күннен алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы жұма, 11 мамыр күні елордада жаңа мешіт ашылады. Қазіргі кезде ғимараттың айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Авангард үлгісінде салынған жаңа мешітке Ырыскелді қажының аты беріліп отыр. Мешіттің кіреберісінде шағын автотұрақ бар. Бүйірінде тағы үлкен тұрақ болады. Ол жерге 300 көлік сыяды. Ал мешіттің айналасында бірнеше күн панельдерін орнатып қойған. Күнқағарлардың шатырында да панельдер бар. Соның арқасында жаңа мешітті күн энергиясымен толығымен қамтамасыз етуге болады. Электрик мамандардың айтуынша, күн панельдерінің қуаттылығы сонша, артық энергияны қалалық желілерге сатуға толық мүмкіндік бар. "Ауа-райы жақсы болып, күн шығып тұрғанда 200 КВт өндіруге болады. Соның 30-40 проценті мешітке толығымен жетеді. Қалғаны қалаға. Енді, түнде қаланың өзінен аламыз ғой. Ол кезде 20-30 Квт қажет. Сонда күндіз 150 Квт-ты қалаға беріп, түнде ары кетсе 50 КВт алсақ, 100 КВт-тан астамын қалаға беріп отырамыз. Жалпы, жаңа мешітте энергия үнемдеу теxнологияларын қолдану жағы жақсы ескерілген", - дейді олар.
null 

Айта кеткен жөн, мешіттің құрылысы басталғанда жобалаушылар жаңа нысанның авангард үлгісінде болатыны жайында айтқан болатын. Сәулетші Сағындық Жанболатовтың сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстанда мешіттердің екі түрі бар. Ол - өзбек және татар үлгісіндегі мешіттер. "Солтүстік Қазақстанда, көбінесе, татар үлгісінде салынады. Ал оңтүстікте өзбек пен иран стилін ұстанады. Астанадағы мешіт таза қазақ стилі мен авангардтың қосындысы болып саналады.  Негізі, ондай конструкциялар дін қағидаттарына қайшы келмейді. Осы іспетті мешіттер Малайзия мен Германияда бар", - дейді С. Жанболатов.

nullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар