Елордадағы заңсыз шеру: Жасөспірімдер ұсталған жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың полиция департаменті қаланың Республика даңғылығында өткен заңсыз шеру барысында кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің ұсталмағандығын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде тарап жатқан кәмелеттік жасқа толмаған қыздың ұсталуы туралы видеоға қатысты азаматша А-ның 2000 жылы дүниеге келгендігін хабарлаймыз. Полиция қызметкерлерінің заңсыз шеруге қатысуын доғару талабына қарамастан азаматша А. әрекетін жалғастырып, құқық қорғау органдары қызметкерлерін итеріп, қарсы әрекет жасауға (видеосы бар) итермеледі», - деп атап өтеді ведомстводан.

Департамент мәліметінше, осыдан кейін азаматша А өзге де құқық бұзушылармен бірге ұсталған.

«Ұсталған кезде жеке басын куәландыратын құжаты болған жоқ. Дегенмен, анасы келіп жүгінгеннен кейін азаматша босатылып, анасына табысталды», - делінген таратылған ақпаратта.

Еске салсақ, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз ұйымдастырылған митингке шыққандар болып, 57 адамның ұсталғаны туралы хабарладық.

Бұған дейін Бас прокуратура 21 қыркүйекте болатын шеруге қатысты халыққа бірнеше мәрте үндеу тастады.



Соңғы жаңалықтар