Елордадағы үлескерлерді қолдау орталығына 450 адам жүгінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үлескерлерді қолдау орталығына ашылғалы бері 450 адам жүгінді. Олардың барлығы сұрақтарына жедел түрде жауап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің медиа орталығына сілтеме жасап. 

Бүгінгі таңда орталық жұмысы бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді. 

«Елорда тұрғындарының қажетті құқықтық кеңес пен үлескерлік құрылыс саласында жүзеге асырылып жатқан басқа да жұмыстар туралы мәлімет алуына мүмкіндік бар», - делінген ведомство таратқан хабарламада. 
Азаматтарды елордалық мемлекеттік органдар - прокуратура, құрылысты бақылау және жер қатынастары басқармасы, сәулет және қала құрылысы басқармаларының өкілдері қабылдайды. Сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасы мен әділет департаменті мен «Тұрғын ұй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ өкілдері бар. Соңғысы қазіргі күні тұрғын үй құрылысын аяқтауға кепілдеме беру мәселесіне қатысты кеңес берумен айналысады. 

Төрт ай ішінде орталыққа 450 азамат жүгінді. Олар келесі мәселелер бойынша жауап алды: үлескерлік құрылыс келісімімен баспананы қайдан алуға болады, қай компаниялар үлескерлердің қаржысын тартуға құқылы, жекелеген құрылыс компанияларының жұмыс істеуге рұқсаты бар ма, үлескерлік құрылыс туралы келісім жасағанда қандай құжат керек, ТҚК қалай мүше болуға болады және т.б.

Айта кетейік, Астанадағы Үлескерлерді қолдау орталығы тамыз айынан бері Сарыарқа ауданындағы ХҚКО жұмыс істеп келеді. Қазіргі күні тегін кеңесті аптаның үш күнінде дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 9.00-18.00 аралығында алуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар