Елордадағы тұрғын үй алабы аумақтарында үш саябақ салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Өндіріс» және «Кирпичный» тұрғын үй алабы аумақтарында абаттандыру шаралары жүргізіледі.

Бұл туралы брифингте «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары Рамиль Досмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы жылы Қоршаған ортаны қорғау басқармасымен бірлесе тұрғын алабы аумақтарында үш саябақтың құрылысын жоспарладық. Бұл аумақтар концерттік бағдарламалар ұйымдастырылатын және тұрғындар демалатын қолайлы орынға айналмақ», - деді Р. Досмағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, саябақтың бірі «Өндіріс» тұрғын үй алабында, екінші учаске Тайбурыл көшесі бойында қамтылады.

«Сонымен қатар, «Кирпичный» тұрғын алабында жаңадан саябақ ашылмақ. Бұл нысандарға Қоршаған ортаны қорғау басқармасы тапсырыс беріп отыр. Аудан әкімдігі ретінде тұрғындар ұсыныстарын ескере отырып, қолайлы жағдай жасалуы үшін бұл мәселені тыңғылықты пысықтаймыз», - деді Р. Досмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар