Елордадағы төтенше жағдай режимі қашан алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер елордада төтенше жағдай режимі қашан алынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдай режимі алынбайды. Себебі, климаттық ахуал барынша күрделі болып тұр. 4-5 ақпанда тағы дауы соғатыны ескертілді. Қазгидромет мәліметтеріне сенсек, бүгін таңертең еліміздің 13 өңірінде дауыл соғады. Павлодар, Алматы, Маңғыстау облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында да ескерту болған жоқ», - деді Владимир Беккер Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдіріне берген сұхбатында.

Оның дерегінше, бүгін таңертеңгі 8-ге дейін автомобиль жолдарының 23 учаскесі, оның ішінде республикалық маңызы бар 13 учаске жабық болды.

«Қазір республикалық маңызы бар учаскелердің барлығы ашық. Бірақ, Қазгидромет деректеріне сәйкес, таяу аптадағы ауа райы болжамы көңіл көншітерлік емес. Температура көтеріліп келеді. Соған орай боран соғу қаупі бар. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында жаңбыр жауды. Демек жолда көктайғақ болады деген сөз»,- деді комитет басшысы.

В.Беккер жол және төтенше жағдайлар қызметтері күшейтілген режімде жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Республикалық дағдарыс орталығында ұйымдастырылған штабты да алып тастамадық. Ол да жұмысын жалғастырады. Сол себепті Нұр-Сұлтан қаласында да төтенше жағдай режіміалынған жоқ. Көшелерде әлі де болса мол қар жатқанын, аулалар әлі тазаланбағанын байқап жүрміз. Бейсенбі, жексенді және дүйсенбі күндері қар жауады беп күтіп отырмыз. Яғни, жағдай одан ары күрделене түсуі мүмкін», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар