Елордадағы «Территория комфорта-1» тұрғын үйі бұзылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін қала әкімі Алтай Көлгінов «Территория комфорта – 1» тұрғын үй кешенінде болды. Бұл жайында қала әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғын үй кешені 2004 жылы тұрғызыла бастаған. Техникалық тексеру ғимараттың апатты екенін көрсеткен. «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС бөлшектеу жөніндегі жобаның жетекшісі Алиакбар Үмбеталиннің айтуынша, бұрынғы құрылыс салушы техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын пайдаланған.

«№500 марканың орнына құрылыс салушы № 250 пайдаланды. Бұл құрылым тұрғын үйлерді салу үшін қолайлы емес. Арматураның түйіскен жерлерінде байламдар жоқ. Ал кей жерлерінде қалау торынан байламдар пайдаланылған. Егер мұндай үйді пайдалануға енгізсе, онда үйдің бір бөлігі техникалық нормаларға сәйкес болмағандықтан бірден құлайды», - деді А. Үмбеталин.


Қала әкімі А. Көлгінов бірінші кезектегі міндет - тұрғындарға кілттерін беру екенін атап өтті. Жалпы үлескерлер саны - 500 адам.

«Бастысы инвестор табылды. Егер басқа проблемалық нысандардың ең болмағанда іргетасы қаланса, бұл жерде барлығын бұзып, құрылысты қайта бастау қажет. Инвестор үшін жоба рентабельді, учаске қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан. Қазір барлығымыз бірге жұмыс істеуіміз керек. Құжаттама бойынша біз көмектесеміз» - деді А. Көлгінов.


Аталған тұрғын үй кешені блоктарын бұзу ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Қалада барлығы 51 аяқталмаған нысан (76 үй) бар. Құрылыс процесін Nur Otan және мәслихат депутаттары бақылайтын болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі.


Соңғы жаңалықтар