+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Елордадағы тергеу изоляторында фронт-кеңсе ашылды

2019 жылғы 11 қазан 12:49
Бөлісіңіз:
Елордадағы тергеу изоляторында фронт-кеңсе ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы ЕЦ-166/1 уақытша оқшаулағышында фронт-кеңсе ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Біраз уақыттан бері қоғам тарапынан елордадағы тергеу изоляторында келушілерге арналған бөлмелердің жоқтығына, келушілерге тиісті жағдай жасалмағандығына қатысты шағымдар түскен болатын. Тіпті ақпан айында YouTube желісінде уақытша оқшаулағыштың алдында көп адамның жиналып, келушілерге ешқандай жағдайдың жасалмағаны туралы шулы видео тарап кеткен. Сол себепті, қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастамасымен 2019 жылдың наурызында аталмыш мекемеде фронт-кеңсе ашу туралы шешім қабылданған. Бірыңғай өткізу пункті саналатын фронт-кеңсе келушілердің күту уақытын азайтып, заманға сай қызмет көрсетеді.


«Бүгін біз Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/1 мекемесінде фронт-кеңсені ашуға жиналып отырмыз. Шынын айту керек, бұл бұрыннан бері біздің, сотталғандардың, қамаудағылар мен олардың туыстарының өзекті мәселесі болатын. Кеңсенің ашылуына қалалық әкімдік қол ұшын созып отыр», - деді қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Ернат Ақылжанов.


Тергеу изоляторымен жалғасып тұрған фронт-кеңседе Халыққа қызмет көрсету орталықтарындай арнайы терминал орнатылған. Яғни, онда келген кез келген адам электронды кезек бойынша тиісті мамандардың қабылдауына кіру үшін терминал арқылы кезекке тұрады.


Күтушілер үшін бірнеше қатар орындық қойылған. Сонымен бірге, фронт-кеңседе келушілерге арналған компьютер (принтерімен) де сатылып алынған.


Қазіргі уақытта 720 орынға тергеу изоляторында 435 адам отыр. Берілген мәліметке сүйенсек, тергеу изоляторының қызметкерлері күніне 150 адамға қызмет көрсетеді. Көбі оқшаулағышта жатқан туған-туыстарына тамақ немесе киім әкелуішлер. Одан бөлек, заңгерлік көмек көрсететіндер, адвокаттар мен қоғамдық қорғаушылар да жиі келеді.














Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT