+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Қорғаныс министрлігі түсінік берді: Ешқандай да атыс емес

2019 жылғы 11 маусым 12:25
Бөлісіңіз:
Қорғаныс министрлігі түсінік берді: Ешқандай да атыс емес

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Тәуелсіздік алаңында Президентті ұлықтау рәсіміне дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру күні (ҚР Президентін ұлықтау рәсімі) 2019 жылғы 12 маусымға белгіленгенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Әлеуметтік желілерде, әсіресе Whatsapp мессенджері арқылы Қазақ елі монументі жақта қарудың атылып жатқаны туралы видео тарап кеткен болатын. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл видеоға қатысты Президентті ұлықтау рәсіміне дайындық жүргізіліп жатқанын хабардар етті.

«Whatsapp-тан тараған видеоға қатысты алаңдаудың негізі жоқ. Президентті ұлықтау рәсіміне кең ауқымды дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шарада сапқа тізілген сарбаздар салтанат көрсететін болады», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT