Елордадағы супермаркеттердің бірінде сатушысы жоқ касса ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде елордадағы супермаркетте сатушысыз касса жұмыс істей бастады. Бұл туралы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордалық кәсіпкерлер «Адалдық алаңы» жобасының бастамасына қолдау білдіріп, «Мagnum» супермаркеттер желісінің бірінде сатушысыз касса ашылды.

Жобаның мақсаты – халық арасында сенім мен әдептілік атмосферасын нығайту және клиенттермен жұмыс кезінде кедергісіз жағдайлар жасау.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, клиент төлемді сатушының немесе кеңесшінің көмегінсіз терминал арқылы өз бетімен жасайды.

«Әлемдік тәжірибеде, ірі сауда супермаркеттері өзіне-өзі қызмет көрсету қағидасы бойынша селф-чекаут (Self-Checkout) технологиясын қолданады. Бұл бастама қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының негізгі бағыты болып табылатын парасаттылық, адалдық және әділдік құндылықтарын насихаттауға мүмкіндік береді», - делінген таратылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осындай касса бұған дейін Алматы қаласында да ашылған болатын. Алдағы уақытта кассалар санын ұлғайту жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар