Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.71 eur/kzt 467.03

    rub/kzt 8.36 cny/kzt 67.1
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Елордадағы Сауран көшесі екі аптаға ішінара жабылды

2022 жылғы 6 тамыз 14:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сауран көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 6-20 тамыз аралығында Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген ведомство хабарламасында.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары