Елордадағы профи-бокс кеші: Айдос Ербосынұлы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші орта салмақтағы WBC Asia, WBO Global және WBA International чемпионы, қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) ганалық Исаха Самирге (19-0, 16 КО) қарсы жекпе-жектің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ербосынұлы – Самир жекпе-жегі 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінің алғашқы жекпе-жегі болады. Кешті «Suleimen Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр. Бәске қазақстандық спортшыға тиесілі WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдары қойылған.

Таразыда Айдос 76,2 кг салмақ көрсетті, оның қарсыласы – 75,6 кг. Салмақ өлшегеннен кейін боксшылар көз арбасу дуэлін өткізді.

16 желтоқсанда елордада бокс кеші өтетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Рингке сондай-ақ қазақстандық 4 боксшы шығатын болады.

Шоу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:30-да басталып, «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар