Елордадағы пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты: 3 әлемдік рекорд орнатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бас қаласында өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында 3 бірдей әлемдік рекорд орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық паралимпиада комитетіне сілтеме жасап.

«Чемпионаттың алғаш күні (13 шілде) екі бірдей әлемдік рекорд орнатылды. Атап айтқанда, «А» тобында 41 келі салмақ санатындағы әйелдер арасында қытайлық Гүй Же (Cui Zhe) есімді зілтемір шебері 101 келі салмақты оңай көтеріп, әлем чемпионатының алғашқы рекордын орнатты. Дәл сол күні 45 келіден асатын орташа салмақтағы аспан асты елінің тағы бір өкілі Гуо Лингинг (Guo Linging) 118 келі нәтижесі бойынша екінші рекордты орнатты», - делінген хабарламада.



Комитеттің дерегіне сүйенсек, орнатылған рекордтың үшеуі де әйел спортшыларға тиесілі.

«Үшінші рекорд кеше (17 шілде) «А» тобында, 79 келі салмақ санатындағы әйелдер құрамында Нигерия өкілі Омолайо Бозе 142 келі зілтемірді көтеріп әлем рекордын жаңартты. Айта кетерлік жайт, чемпионаттағы барлық әлемдік рекордты әйел спортшылар жаңартты. Ерлер арасындағы рекордқа келер болсақ, жарыстың 2-ші күні 54 келі салмақ дәрежесінде 189 келі зілтемірді көтеру арқылы Владимир Кривул (Ресей) еуропалық рекордты жаңартты», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Хабарламада айтылғандай, Қазақстан құрамасында әзірге жүлделі орын жоқ, дегенмен Токио-2020 паралимпиада ойынадарына 2 жолдамаға қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар