Елордадағы өрт: 8 бала ауруханада жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жатақханадан шыққан өрттен зардап шеккен 8 бала ауруханада жатыр.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті әлеуметтік көмекті ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Аслан Жангереев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына 4 минуттың ішінде жетті. 26 адам, оның ішінде 14 бала ауруханаға жеткізілді. №1 қалалық балалар ауруханасына - 2, №2 қалалық балалар ауруханасына - 6, №1 қалалық ауруханасына 3 ересек адам жатқызылды. Яғни, ауруханаға жеткізілгендердің ішінде 8 бала ауруханада жатыр. Олардың барлығына орта деңгейде ыс тию диагнозы қойылған. Жағдайлары қанағаттанарлық, тұрақты. Қалғандары ауруханаға жетекізілгеннен кейін тексеріліп, үйлеріне жіберілді. Өмірлеріне еш қауіп жоқ. Медициналық көмек толық көрсетіліп жатыр», - деді Аслан Жангереев.

Оның атап өтуінше, өрт кезінде зардап шеккен 1 бала №1 қалалық балалар ауруханасында ем алуда. Зардап шеккендердің жасы 1 мен 18 жас аралығында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін қаладағы Ж.Досмұхамедұлы көшесі, 4 мекенжайында орналасқан жатақханадан өрт шықты.

Белгілі болғандай, жатақхананың 2-қабатындағы аумағы 18 шаршы метрлік бөлме өртке оранған. Өрт сөндіру қызметі тілсіз жауды ушықтырмай, жылдам сөндірді. Сондай-ақ, оқиға орнынан 32 адам эвакуацияланды. Өрт кезінде кішкентай бала газдан уланып, орташа деңгейдегі жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов барып, Байқоңыр аудандық әкімдігі басшыларына өрттен зардап шеккен жандарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар