Елордадағы Надаль-Джокович матчына билеттер сатыла бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлем теннисінің жұлдыздары, испандық Рафаэль Надаль мен сербиялық Новак Джокович елордада өзара матч өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, спорт жұлдыздарының ойыны қайырымдылық матчы аясында ұйымдастырылады. Кездесу «Барыс Аренада» 24 қазан күні өтеді. Бүгінде билеттердің сатылымы басталды. Түскен барлық қаражат қайырымдылыққа бағытталады.

Айта кетейік, 32 жастағы Новак Джокович әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Ал 33 жастағы Надаль екінші орында келеді. Олардың екеуара кездесуі теннис тарихындағы ең қызықты жекпе-жек аталып отыр. Осы уақытқа дейін 54 матч өткізді. Бүгінгі есеп - 28:26, сербиялық теннисші алда. Олар алғаш рет кортта 2006 жылы Roland Garros турнирінде кездескен болатын.

Соңғы жаңалықтар