Елордадағы Mega орталығында вакцинация пункті жабылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Mega Silk Way» СОО-да қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцинациялауға арналған пункт 23 қыркүйек күні жабылады. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды вакцинациялау пункті мұз айдынының аумағында, яғни бірінші қабатта орналасқан болатын. Жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін мұз айдынын қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта қала тұрғындарының 66 пайыздан астамы вакцинаның бірінші компонентін алды. Вакцинация сіздің денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағылардың да денсаулығын қорғайды.

Қазіргі уақытта қала бойынша СОО және СҮ жанында 5 вакцинация пункті орналасқан: «Керуен» СОО, «Хан Шатыр», «Азия Парк», «Абу Даби Плаза» және «Евразия» СОО. Вакцинация пункттері медициналық мекемелерде де орналасқан. Барлығы 84 вакцинация пункті бар. Сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар да жұмыс істейді.



Соңғы жаңалықтар