Елордадағы Мәңгілік ел даңғылында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарына орташа жөндеу жүргізу аясында Мәңгілік ел даңғылы бойынша Сарайшық көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөлікте жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 15-25 шілде аралығында жолдың аталмыш бөлігінде автокөлік құралдарының қозғалысы жартылай шектелетін болады.

Қала жолдарындағы кептелістерге тап болмау үшін Астана тұрғындары мен қонақтары жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлап алғандары абзал.

Соңғы жаңалықтар